«OTBASY FEST»: Шымкентте жас отбасылар арасында сайыс ұйымдастырылды

0
382

Іс-шараға 10 отбасы қатысып, бақтарын сынады.


«OTBASY FEST»: Шымкентте жас отбасылар арасында сайыс ұйымдастырылды

Шымкент қаласында Отбасы күні мерекесі қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы негізінде «OTBASY FEST» атты отбасылық сайыс жас отбасыларға серпін берді.
А. Асқаров атындағы дендросаябақта «Рухани қоғам әлемі» қорымен бірлесіп өткен іс-шараға 10 отбасы қатысып, бақтарын сынады. Жарыста бірінші орын алған Ниязалиевтер отбасына теледидар берілді. Іс-шараға белсене қатысқан он отбасы Алғыс хаттармен және демеушілер есебінен түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен «SHANYRAQ» орталығында өткен арнайы іс-шараларда көпбалалы аналар қуанышқа кенеліп, еңбектері еленді.