Отбасы күні: Шымкентте спорттық жарыс өтеді

0
523

Отбасылық спорттық жарыс Шымкент қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында 10 қыркүйекте өтеді.


Отбасы күні: Шымкентте спорттық жарыс өтеді

Шымкент қаласында Отбасы күніне орай, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «FITNESS PARK KZ» жобасы аясында отбасылық спорттық жарыс басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жарыстың негізгі мақсаты - жастардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын ояту, достық сезімін тәрбиелеу, балалар мен олардың ата-аналарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысты өткізуге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі басқармасының қолдауымен «Қуатты Ел» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болып отыр.

Жарыс шарттары бойынша отбасында құрамы 4 адамнан (әкесі, анасы және 2 баласы) тұратын – 25 жастан жоғары 10 отбасылық командалар қатыса алады. Ал қатысушы балалардың жасы 9 - 17 жас аралығында болу керек. Сондай-ақ, қатысушылардың спорттық үлгідегі киімі болуы тиіс.

Отбасылық спорттық жарыс Шымкент қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында 10 қыркүйекте өтеді. Жарысқа қатысқан жеңімпаздарға :

I орын - 100 000 теңге және жеңімпаз дипломы;

II орын - 70 000 теңге және жеңімпаз дипломы;

III орын - 50 000 теңге және жеңімпаз дипломы тағайындалған.

Жалпы жарысқа қатысқан командалар жүлдесіз қалмайды. Оларға ынталандыру сыйлықтары, алғыс хаттар және гүл шоқтары тапсырылады.

Айта кетейік, адамдардың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты. Бұл ретте спорттың да алатын орны ерекше. Осы ретте Шымкент қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Fitness park kz» жобасы іске қосылды. Аталған жоба аясында спорттың барлық түрі қамтылған. Бір жақсысы оған тегін қатысып, түрлі жаттығулармен айналысуға болады. Аталмыш жоба қазан айының соңына дейін жалғасады. Спорттық жобаны өткізуге - Металлург, Орталық, Жеңіс және дедросаябағы таңдалынып алынды. Жаттығуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді. Жастарға қолайлы болу үшін барлық жағдай қарастырылған.