Өткен жылы Шымкент қаласының мәдениет саласында 23 қылмыс тіркелген - Антикор

0
719

Өткен жылы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен 116 қылмыс тіркелген.


Өткен жылы Шымкент қаласының мәдениет саласында 23 қылмыс тіркелген - Антикор

Өткен жылы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен 116 қылмыс, оның 23-і мәдениет саласында тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев мәдениет ұйымдарының басшыларымен кездесуінде мәлімдеді.

Қала әкімнің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың төрағалығымен өткен іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, театрлар, кітапханалар, мәдениет үйі, сондай-ақ басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылығы қатысты.

Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі шаралар талқыланды.

Қалалық Антикор өкілдерінің айтуынша, мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбеюі ерекше алаңдаушылық тудырады.

“Кездесуде мәдениет басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер бойынша алаяқтық, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ысырап ету және салғырттық фактілері бойынша енгізілген ҚПК-нің 200-бабы тәртібіндегі екі ұсыныс қаралды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру шеңберінде қабылданып жатқан шаралар және жергілікті атқарушы органдардағы жемқорлықтың жай-күйі айтылды”, - делінген жазбада.