Өз үйінің алдында атып кеткен: Күдікті өзі өлтірткен шымкенттік кәсіпкерге қомақты ақша қарыз болған

0
1 097

Күдікті кәсіпкерді өлтіргісі келмегенін, тек қорқытпақ болғанын айтты.


Өз үйінің алдында атып кеткен: Күдікті өзі өлтірткен шымкенттік кәсіпкерге қомақты ақша қарыз болған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте кәсіпкердің өліміне қатысты тапсырыс беруші деп күдіктелген азамат қамауға алынды. Ол марқұмның бизнестегі әріптесі боп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы тергеу сотының санкциясымен күдікті қазір екі айға қамауға алынған. Бизнестегі әріптесін өлтіруге тапсырыс берді деп күдіктелген азаматқа ҚР ҚК-нің 28 бабы арқылы 99-бап бойынша айып тағылған. Бұл туралы Шымкент қаласы тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков мәлімдеді.

Тапсырыс беруші марқұм кәсіпкерге қомақты қаржы қарыз болған. Ұсталған күдікті өлтіргісі келмегенін, тек ескертіп қорқыту ниеті болғанын айтқан көрінеді.

Сондай-ақ, кәсіпкерді атып өлтірген күдікті, яғни, тапсырысты орындаушының інісі де құрықталып, оның қылмысқа тікелей қатысы бар екендігі дәлелденбеген соң босатылған. Ал кәсіпкерге оқ атқан күдікті әлі қолға түспеген.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының "Тараз" шағынауданында өз үйінің маңында 19 шілде күні сағат кешкі алтылар шамасында өз көлігінде отырған 55 жастағы кәсіпкерді белгісіз біреу атып кеткен болатын. Қанды оқиға кезінде көлікте марқұмның жұбайы болған.