Пробация қызметі: азаматтарды қоғам өміріне бейімдеу маңызды

0
752

Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған - ел. Елімізде түзету мекемелерінен шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған.


 Пробация қызметі: азаматтарды қоғам өміріне бейімдеу маңызды

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Пробация» әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету орталығында «Жаңа өмір» жобасы аясында оқыту семинары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мақсаты - жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, өзге де әлеуметтік-құқықтар мен психологиялық көмек беру.
«Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының басшысы заңгері Айжан Кесебай Өмірзаққызы, «Право» қоғамдық қорының медиаторы Байсерикова Динара , «Право» қоғамдық қорының психолог маманы Қарабек Нұргүл , М. Әуезов университетінің «Тарих және педагогика» факультеті «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының магистр оқытушысы психолог маманы Алдиев Ахатбай қатысып, сала бағыттары бойынша пробация есебіндегі жастарға кеңес берді.
Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі болып табылады.
Қазіргі таңда 35 жасқа дейін 765 азамат сотталғандар есебінде тұр. Оның ішінде – 97 жас жұмыссыз болса, жұмыспен қамтылғандар саны – 585. Сондай-ақ пробация жастары арасында мектептен кейінгі оқу орындарын аяқтамаған жастарда бар. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған – 71 жас бар.
Айта кетейік, жыл басынан бері Жастар ресурстық орталығының психологтары 160 жуық азаматқа психологиялық көмек көрсеткен.