Психикалық денсаулық: Шымкентте ашық есік күні өтіп жатыр

0
640

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқарамысының баспасөз қызметі мәлімдеді.


Психикалық денсаулық: Шымкентте ашық есік күні өтіп жатыр

Бүгін Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығына қарасты емханасында Ашық есік күні шарасы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқарамысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Дүниежүзілік Психикалық денсаулық күніне орай, ұйымдастырылған шарада тұрғындарға терапевт, психолог мамандары кеңес беріп, медициналық көмек көрсетуде.

Ашық есік күні бүгін, 10-қазан күні емханда 17:00-ге дейін жалғасады.

Психикалық денсаулық - бұл адам баласының өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өмір қиыншылықтарына төтеп бере алатын, өнімді еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар жайлы жағдайы. Психикалық денсаулықты сақтау үшін ең алдымен, жасөспірімдер және олармен жұмыс істейтін кәсіби мамандар, сондай-ақ, халық арасында жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтудың маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру керек. Психикалық денсаулықты қорғау - құрамына психикалық денсаулықты нығайту, психиканың бұзылуын ескерту, мінез-құлқы мен психикасы бұзылған адамдардың стигматизациясын төмендету бойынша шаралар бар көп бағытты стратегия.

Айта кетейік, қалалық денсаулық сақтау басқармасының ведоствалық бағынысты 33 медициналықұйымы бар, оның ішінде 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа ұйымдар. Қалада тәуліктік 4125 төсек- орын күндізгі стационарда 1959 төсек –орын бар. Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 құрап отыр. Шымкент қаласының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 4 жаңа медициналық орталық ашылып 50 мың халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар бір дәрігердін жүктемесі 1616 дейін төмендеді.