"RoboLand-2022": Шымкенттік оқушылар жеңімпаз атанды

0
749

Фестиваль аясында 16 бағыт бойынша робототехникадан ашық чемпионат өтті.


Шымкенттік оқушылар "RoboLand-2022" VII халықаралық робототехникалық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

4-5 қараша аралығында Қарағанды қаласында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, техникалық пәндерді дәріптеу мақсатында "RoboLand-2022" VII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық фестивалі өтті.

Фестиваль аясында 16 бағыт бойынша робототехникадан ашық чемпионат өтті. Сайыста республиканың барлық аймағынан жиналған оқушылар өз бағыттары бойынша сынға түсті.
Аталған фестиваль аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 ІТ мектеп-лицейінің оқушылары “Шығармашылық бағыт” бойынша І орынды еншілеп қайтты.