«Рухани жаңғыру»: Шымкентте оқушылар арасында республикалық байқау өтіп жатыр

0
446

Жеңімпаз атанған оқушылар желтоқсан айында республикалық сайыста бақ сынасады.


«Рухани жаңғыру»: Шымкентте оқушылар арасында республикалық байқау өтіп жатыр

Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылар арасында республикалық байқау өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған байқаудың мақсаты - балалардың кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, еліміздің тарихы, географиясы, астрономиясы және мәдени дәстүрлерімен таныстыру. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын бойына сіңдіру.

Шымкент қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауының қалалық іріктеуінен өткен Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицейінің жеңімпаз атанған оқушыларына «Шұғыла» баспасының кітаптары табысталды.

Республикалық балалар оқулары байқауы - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғырту кезеңіне көшіру бойынша, жол картасын іске асыру аясында жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, балалар оқулары байқауына қаланың 4 ауданы бойынша 344 оқушы қатысып, сайыстың ІІ - кезеңінде жеңімпаз атанған бірқатар оқушылар өңіраралық жарысқа жолдама ұтып алды.

Айта кетейік, III-кезең бойынша сайыс аймақтық қағидатта командалар арасында өткізіледі. Жеңімпаз атанған оқушылар желтоқсан айында республикалық сайыста бақ сынасады. Өңіралалық сайыс онлайн режимде 26 қарашада өтеді.