Салық төлеушілер қандай жағдайда мемлекеттік дерекқордан алынып тасталады

0
2 620

Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның салық салу объектiлерiне құқықтарының тоқтатылады


Салық төлеушілер қандай жағдайда  мемлекеттік дерекқордан алынып тасталады
Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастайтын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармарсының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде немесе салықтық өтініш бойынша мынадай себептермен салықтан босататын болады.
  • Жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы;
  • орындалмаған салықтық міндеттемелер не Қазақстан Республикасының аумағында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болмаған жағдайда, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі және азаматтығын тоқтатуы;
  • шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның салық салу объектiлерiне құқықтарының тоқтатылуы;
  • заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталуы немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;
  • шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) өзгеруі;
  • бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатуы; шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында қызметін тоқтатуы;
  • бейрезиденттің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай бейрезиденттің мүлікке, акцияларға және (немесе) қатысу үлестеріне құқықтарының тоқтатылуы;
  • Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі қызметінің тоқтатылуы;
  • бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агент арқылы осы бейрезидент қызметінің тоқтатылуы;
  • банк хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде бейрезиденттің резидент-банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтері болмаған жағдайда, резидент-банкте осындай бейрезиденттің ағымдағы шотының жабылуы бойынша алып тастайды.
Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастауды салық төлеушінің орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде жүргізеді.