Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары - басқарма 17 түрлі қызмет көрсетеді

0
568

Жарты жылда 26 985 мемлекеттік қызмет көрсеткен.


Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары - басқарма 17 түрлі қызмет көрсетеді

Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 17 (он жеті) мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқарма 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы саны - 26 985 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Бұл туралы Бұл туралы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы Жүнісбеков Нұрбол Әбдірахманұлы Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Оның ішінде:
  • Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 3095;
  • Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру – 2;
  • Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 10358;
  • Эскизді(эскиздік жобасын) келістіру – 403;
  • Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру – 2846;
  • Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру –427;
  • Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту – 2812;
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 2342;
  • Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру – 32;
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 1 кезең – 1316 + (2-кезең -790);
  • Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 193;
  • Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 313;
  • Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 28.
Басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушының айтуынша, жер учаскесін алу үшін кезекке қою, Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру қызметтері ұсынылмаған.