"Саяси реформалар жастар көзімен": Шымкентте пікір-сайыс өтті

0
608

Жастар Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша өз пікірлерін ортаға салды.


Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы" атты Жолдауын насихаттау мақсатында "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің ұйымдастыруымен жастар арасында "Саяси реформалар жастар көзімен" тақырыбында пікір-сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Бір сағаттан астам уақытқа созылған дебаттық ойындар барысында жастар Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
Үкімет басшысы рөлінде ойнаған Ахан Бесбаев Жаңа Қазақстанды құру үшін әр адам өз қызметін адал атқаруы керек, мемлекеттік идеяны іске асырудың тиімді тетігі—сенім деген пікірге тоқталды.
Ал оның қарсыласы, оппозиционер Рахат Арғынбай сенімнің өзі жеткіліксіз, Қазақстанды жаңа арнаға бұру үшін қоғамдағы төменгі тап өкілдерін орта тап деңгейіне көтеру қажет деген пікір ұстанды.
Іс-шара соңында дебат ойыншылары барша көрермен жастарды елдің саяс өміріне белсене араласып, азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға өз үлестерін қосуға шақырды.