Сегізінші шақырылым: Шымкент қаласы мәслихатының бірінші сессиясы өтті

0
454

​Сессияда тұрақты комиссияларды құру мен оның тiзбесi, құрамы белгіленіп, алдағы жоспарлар бекітілді.


Сегізінші шақырылым: Шымкент қаласы мәслихатының бірінші сессиясы өтті

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бірінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

.Депутаттарға куәлік пен төсбелгі табыс етілді. Депутаттар ұсынысымен Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы болып сайланды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов депуттарды ел сеніміне ие болуымын құттықтап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
«Алдымызда атқаратын ауқымды жұмыстар тұр. Қазіргі жаһандану процессінде көштің соңында қалмас үшін жылдам және ұтқыр шешімдер қабылдай білуіміз қажет. Біз әрқашан да халық үнімен санасып, қаланың стратегиялық құжаттарын, бюджетті қалыптастыру, нормативтік құжаттарды бекіту барысында ел мүддесін бірінші кезекке қойып келеміз. Қаламыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы Үкіметтің қолдауымен тұрақты дамып келеді. Алда атқарылатын нақты міндеттерді өздеріңізбен бірлесе жүзеге асыратынымызға сенімдімін» - деді қала әкімі.
Сессияда тұрақты комиссияларды құру мен оның тiзбесi, құрамы белгіленіп, алдағы жоспарлар бекітілді.
Қаладан Парламент Мәжілісіне бір мандатты округ бойынша 2 депутат және қала мәслихатына 16 депутат сайланды.

Еске сала кетейік, мәслихаттың жетінші шақырылымдағы кезекті он жетінші сессия отырысында қала бюджетінің атқарылуы, инфрақұрылымды дамыту және медициналық көмек пен дәрілік заттармен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Бұдан бөлек, үшінші мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін бірқатар маңызды шешімдер қабылданған болатын. Сессияда қала мәслихатының шешімімен 2022 жылға арналған қала бюджет нақтыланды. Бюджет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 84,3 млрд. теңгеге ұлғайып, 573,7 млрд. теңгеге құрады. Ал, қосымша қаралған қаржылар қаланың инженерлік-инфрақұрылымын дамытуға бағытталды. Сондай-ақ, қала аумағындағы кондоминиум объектісін басқару мен ортақ мүлікті күтіп ұстау шығыстарының ең төменгі мөлшері айына 27,3 теңге болып бекітілді. Одан бөлек, Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген тегін медициналық көмек пен дәрілік заттардың тізбесіне толықтырулар енгізіліп, 2 дерт бойынша 25 дәрілік зат тізіміге қосылды.