​“СЕНІМ ҚАДАМЫ”: Шымкентте волейболдан турнир өтті

0
357

10 команда бақ сынасқан сайыс 25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылды.


​“СЕНІМ ҚАДАМЫ”: Шымкентте волейболдан турнир өтті

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастарды еңбекке баулу, еңбекті насихаттау, жастардың бойында азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жастарды қоғамдық өмірге тартуға бағытталған «Сенім қадамы» жобасы аясында волейболдан турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

10 команда бақ сынасқан сайыс 25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылды.
Турнирге әр саланың үздіктерінен құралған *«Bal Tekstil», «GraMad», «SAQ marketing», «AFC суши», «Жедел-жәрдем», «Еңбекші КММ», «Апаллон», «ТОО Асхум», «Halyk bank», «Jusan Bank»* командалары қатысты.
Турнирдің ережесі бойынша әр командада ерлер мен әйелдер аралас ойнады.
Турнир қорытындысы бойынша үздік ойын өрнегін көрсете білген командалар - 1-орынды «HALYK BANK» қанжығасына байласа, «АСХУМ» командасы 2-орын, ал «AFС sushi» командасы үшінші орынды еншіледі.