​«Шымкент - қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорының кеңесі өтті

0
2 729

2020 жылы атқарылған жұмыстар қорытындалып, ағымдағы жылға жоспарлар нақтыланды.


​«Шымкент - қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорының кеңесі өтті

«Шымкент - қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Шымкент - қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

Аталған жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов, және «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева қатысты.

Жиында «Шымкент - қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорының директоры Дәуренбек Қурбаниязовтың 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалып, ағымдағы жылға жоспарлар нақтыланды.

Айта кетейік, Шымкент қалалық партия филиалы «Шымкент - қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорымен ынтымақтастық пен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойған.

Меморандумның мақсаты - партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында әлеуметтік мәселелер негізінде қоғам өмірін жақсарту.