ШЫМКЕНТ: 11 мыңнан астам отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

0
628

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: 11 мыңнан астам отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамның орынбасыры Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтар қатысып, қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінің қорытынды шарасын өткізді.
Бүгінгі күні 750 отбасыға (күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б) салынған қорап таратылды.
Жалпы, қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінде көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 11500 отбасыға қайырымдылық көмектер үлестірілді.