ШЫМКЕНТ: 13 жастағы бала сынықшыға қаралғаннан кейін, белгісіз жағдайда қайтыс болды

0
776

Қайғылы жағдайға дейін ата-анасы қолы сынған баласын сынықшыға өздері алып барған.


ШЫМКЕНТ: 13 жастағы бала сынықшыға қаралғаннан кейін, белгісіз жағдайда қайтыс болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте жасөспірім қолын сындырып алып сынықшыға қаралған кейін, белгісіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


12 тамыз күні түнгі сағат 22.00 шамасында жедел жәрдем қызметіне 2006 жылы туған баланың денсаулығы күрт нашарлағаны туралы ақпарат келіп түскен. Алайда, жедел жәрдем келгенше бала көз жұмған. Сонымен қатар, қайғылы жағдайға дейін ата-анасы қолы сынған баласын сынықшыға өздері алып барғаны белгілі болды. Бірақ, марқұмның ата-анасы баласының жарақатымен ешқандай емдеу мекемелеріне шағымданбаған.


Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің жетекшісі Глазебная Анна Михайловнаның айтуынша, қайғылы оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілетін айтты.


«Баланың ата-анасы ешқандай емханаға перзентінің жарақаты туралы шағымданып келмеген. Ал, шақыртуға шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметі тек баланың өлімін анықтаған. Бұған байланысты қызметтік тексеру жүргізілетін болады. Тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалаушы комитетке жеке тұлғаға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін сұраным хат жолданды», - дейді Анна Глазебная.


Айта кетейік, оқиға орнында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция бөлімінің тергеу тобы жұмыс істеген. Ал, Шымкент қаласы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет