ШЫМКЕНТ: №137 мектепте пікірсайыс кабинеті ашылды

0
302

Бүгінгі таңда аталмыш мектепте “Ақиқат ұшқыны” дебат клубы үш лига бойынша жұмыс жүргізеді.


ШЫМКЕНТ: №137 мектепте пікірсайыс кабинеті ашылды

“Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы” жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру, өңірлік мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысы лигасын қолдау, насихаттау, жас пікірсайысшыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №137 жалпы орта білім беретін мектебінде пікірсайыс кабинеті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арнаулы кабинеттің ашылу салтанатына Шымкент қаласы білім басқармасының қосымша білім беру оқу сала орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы Ахметбекова Гулнар Сатыбалдықызы, Шымкент қаласы білім басқармасының қосымша білім беру оқу сала орталығы бөлім басшысы Сүлейменова Гүлмайра Әлімханқызы, Абай ауданы жастармен жұмыс жүргізу бөлімі басшысы Ертаев Көмек Ережепұлы, мектеп ата – аналар комитетінің төрағасы Тілешов Бегалы Құралбекұлы, мектептің қамқоршылық кеңестің төрайымы Ерназарова Ботагөз Сайфуллинқызы, мектеп директоры Эльмира Бақытқызы қатысты.

Бүгінгі таңда аталмыш мектепте “Ақиқат ұшқыны” дебат клубы үш лига бойынша жұмыс жүргізеді. Өткен оқу жылында мектептің “Ақиқат ұшқыны” пікірсайыс клубы қала, республика көлемінде жоғары көрсеткіштерге жеткен болатын. 300-ге жуық пікірсайысшылары бар клубтың арнайы кабинетпен жабдықталуы жас өрендердің дебат ойынына деген ұмтылысын арттырды.

Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында қаламыздағы 203 мектепте 242 525 оқушы білім алса, оның ішінде 11 сыныпта - 11 189 оқушы, 9 сыныпта – 19 251 оқушы.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары толығымен орнатылып, Шымкент қаласы Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына интеграцияланған. Бұл жердегі Полиция Департаментінің жауапты инспекторлары мектептердегі қауіпсіздікті тікелей бақылап отырады. Одан бөлек, мектептердің кіреберістеріне адам келбетін танитын турникеттер орнатылған және арнайы мамандандырылған күзет қызметтерімен 100% келісім шарт түзілген.