ШЫМКЕНТ: 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер тазалық жұмысына қатысты

0
1 777

Әкімдік қызметкерлері 80 га аумақта тазалау, шөп ору, тырмалау, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді.


ШЫМКЕНТ: 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер тазалық жұмысына қатысты

Шымкентте #BirgeTaza Qazaqstan экологиялық акциясы аясындағы сенбілік дендрологиялық саябақта жалғасын тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сенбілікте Шымкент қаласы әкімдігінің 24 басқармасы және 2 кәсіпорын қызметкерлері жалпы 80 га аумақта тазалау, шөп ору, тырмалау, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, төрт аудан әкімдіктері өздеріне қарасты аумақты күл-қоқыстан тазартты.

Жалпы, бүгін сенбілікке қатысқан 2 мыңнан астам қызметкер дендрологиялық саябақ пен 2,7 шақырым өзен бойларын, 18 шақырым жол мен 4 шақырым аяқжолдарды тазалап, 237 м3 қоқыс шығарылды.