ШЫМКЕНТ: 2018 жылы 45 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігін алған

0
1 348


ШЫМКЕНТ: 2018 жылы 45 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігін алған

Былтыр «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтарға 45 мыңға жуық жүргізуші куәлігі берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сонымен қатар, 2018 жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтарға автокөліктерді тіркеу бойынша 200 мыңнан астам қызмет көрсеткен.

Ал, 2019 жылы 2 айында 30 мыңнан аса темір тұлпарды қайта тіркеп, 5 мыңдай адам жүргізуші куәлігін алған.

Дереккөз: «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі