ШЫМКЕНТ: 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылады

0
1 073

Бүгінде Тұран ауданы аумағындағы елді мекендердің 95,5 пайызы көгілдір отынмен қамтылған.


ШЫМКЕНТ: 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылады

2023 жылы Шымкент қаласындағы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Тұран ауданы аумағындағы елді мекендердің 95,5 пайызы көгілдір отынмен қамтылған.
2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады.
Жыл қорытындысымен, Тұран ауданын табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жеткізіледі.
Сонымен қатар, табиғи газбен жартылай қамтылған Құрсай және Жаңаталап елді мекендерін табиғи газбен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдары жүргізіледі.
Ал, Айкөл елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында 2024 жылы жобалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Айта кетейік, жаңадан құрылған Тұран ауданын инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, биыл Тұран ауданының тұрғындары 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады. Қазіргі уақытта Тұран ауданы аумағында орналасқан елді мекендердің 99,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Бүгінгі күнге дейін кестемен ауыз су тұтынып келген Құрсай елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту құрылысы 2022 жылы басталып, қазіргі уақытта құрылысы жалғасуда. Нәтижесінде, Тұран ауданындағы елді мекендер 2023 жылы 100% сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, Тұран ауданындағы елді мекендер 99,5 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылған. Қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінің жаңақұрылыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2023-2024 жыл атқарылады. Нәтижесінде, 2024 жылы Тұран ауданы 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылады.