ШЫМКЕНТ: №30 бағыттағы қоғамдық көліктер жаңартылды

0
608

Жаңа автобустар бейнекамералармен және салқындатқыш жүйесімен толық жабдықталған.


ШЫМКЕНТ: №30 бағыттағы қоғамдық көліктер жаңартылды

Шымкент қаласында әлеуметтік мәні бар қалалық нөмірі №30 бағыттағы қоғамдық көлігі 12 жаңа автобуспен жаңартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

“King long” маркалы сыйымдылығы орта автобус бейнекамералармен және салқындатқыш жүйесімен толық жабдықталған. Енді ертеңнен бастап аталған бағыттағы жаңа автобустар жолаушыларды тасымалдау қызметіне кіріседі.
№30 автобус маршруты Сайрам тұрғын алабының тұрғындарына 10 кестемен қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, жаңалау жұмыстары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялардың арасында түзілген келісім-шарттар негізінде атқарылды.
Бүгінде қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер саны 1000-ға жуық. 77 тұрақты қалалық маршрут бойынша күнделікті маршруттарға 877 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.

Еске сала кетейік, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында 2019 жылы 300 жаңа автобус, 2020 жылы 590 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі таңда пайдалану мерзімі 5 жылға дейінгі жаңа автобустар көрсеткші 90 пайызды құрайды. Ал, биыл қала тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, тасымалдаушы мекемелерге ескірген автобустарды жаңалау бойынша талап қойылады. Осыған орай, 2023 жылы тасымалдаушы мекеме есебінен жаңа 20 автобус сатып алу жоспарда бар.

Қалалық тұрақты маршруттарда 600-ден астам автобус жаңар-жағар май ретінде экологиялық таза газ-метанды пайдаланады. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетеді. Сонымен қоса, үшінші станцияның құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында "Диспетчерлік қызмет орталығы" КММ автоматтандырылған бағдарлама арқылы қалалық қоғамдық көліктердің қозғалысына үздіксіз мониторинг жүргізіп отырады. Егер де, жүргізушілер тарапынан бұзушылықтар немесе әдеттен тыс жағдай болу фактілері анықталған жағдайда, жедел түрде тиісті шаралар қолданады.