ШЫМКЕНТ: 300-ден аса сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

0
593

2023 жылы әскери шақырылымға 310 азамат жөнелту жоспарланған.


ШЫМКЕНТ: 300-ден аса сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

Шымкент қаласында 300-ден аса сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жергілікті әскери басқару органдарында ер азаматтарды әскери шақыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақыру кезеңінде шақырылушылар мен олардың ата-аналарымен Отан қорғау, Конституциялық борыш, әскер қатарына жөнелту дайындығы мен әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер жөнінде сұхбат жүргізіліп, түсіндірме жұмыстарын қоса жүргізуде.
Шымкент қаласы Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының мәліметінше, былтыр екі ауданнан 345 азамат Отан қорғауға аттанған. 2023 жылы әскери шақырылымға 310 азамат жөнелту жоспарланса, оның 307-і (Еңбекші – 213, Қаратау - 94) әскери борыштарын өтеуге аттанды. Ал Тұран ауданында 7 азамат әскерде борышын өтеуде.
Айта кетейік, сарбаздар бірінші кезекте ҚР Қарулы күштер, ҚР Ұлтық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне, ҚР Ұлттық Ұлан қызметіне, ҚР Мемлекеттік Күзет қызметіне, ҚР ТЖМ әскери бөлімдерге жіберіледі.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласындағы №127 орта мектебінде «Айбын – 2023» әскери-патриоттық жастар жиынының қалалық кезеңі бойынша мектеп оқушылары арасында әскери ойын түрлерінен іріктеу жарысы өтті.

Шымкент жастарын әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отан сүйгіштік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық іріктеуден өткен 120 жас сарбаздан құралған 8 команда өзара бақ сынасты.
Сәуір айынан бастау алған бұл сайыста мектепішілік 30-мыңға жуық оқушылар, бөліктік сайыстарда 12 мыңға жуық оқушылар, аудандық сайыстарға 3500-дей оқушылар іріктеліген болатын.