42 мың теңге алудың оңай тәсілі енгізілді

1
7 096

Telegram bot мобильдік қосымшасы жасалынуда.


42 мың теңге алудың оңай тәсілі енгізілді

Төтенше жағдайға байланысты берілетін 42.500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алуға өнінім білдірудің және оны алудың жаңа тетіктері қолданысқа енгізілгелі жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл мақсатта Telegram bot мобильдік қосымшасы жасалынуда. Аталған қосымшаны қолында смартфоны бар кез-келген адам жүктеп алуына болады және ондағы "42.500 теңге" деген бетпердені басып өзіңіздің мәліметтеріңізді (аты-жөніңіз, ИИН, банктік есеп-шотыңыз, телефоныңыз) енгізесіз. Осыдан кейін Сізге SMS код келеді. Кодты енгізесіз. Өтінім қабылданады.

Сонымен қатар, Egov.kz порталын пайдалануға байланысты қиындықтардың көп болуына байланысты, 42.500 теңгеге өтінім білдіру үшін жаңа сайт қолданысқа енгізілмек. Ол жерде де Сіз өзіңіздің мәліметіңізді (аты-жөніңізді, ИИН нөмірін, есеп-шотыңызды,,телефоныңызды) енгізесіз. Сізге электронды цифрлы кіліттің (эцп ключ) керегі жоқ болады. Оның орнына телефоныңызға SMS код келеді. Соны енгізсеңіз болғаны.

Арнайы қосымшаның және сайттың іске қосылғандығы жөнінде әлеуметтік желілерден, БАҚ-тан толыққанды ақпарат таратылатын болады.