ШЫМКЕНТ: 5 көшеде оң жақ өткелдің құрылысы аяқталды

0
428

Мұндай өткелдер шаһарда көлік кептелісін болдырмау мақсатында қолға алынған.


ШЫМКЕНТ: 5 көшеде оң жақ өткелдің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласында 5 көшеде оң жақ өткелдің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте оң жақ өткелдердің жалпы қажеттілігі – 45 орын. Биылғы жоспар бойынша 8 көшедегі 10 орынға оң жақ өткел салу жұмысы басталған болатын.
Мұндай өткелдер шаһарда көлік кептелісін болдырмау мақсатында қолға алынған.
Қазір Сыпырған ата –Темірлан тас жолы, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов – Шаяхметов, Рысқұлов–Қазиев, Шаяхметов – Арғынбеков қиылысындағы бөліктерінде құрылыс аяқталып, жол белгілері орнатылды.
Ал, Сыпырған ата – Әль-Фараби, Рысқұлов – Адырбеков және Арғынбеков–Байтереков көшелерінің қиылысында оң жақ өткел жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Жалпы оң жақ өткелін салу жұмысы осы жылдың сәуір айында басталған. Құрылыс жұмысын 3 мердігер мекемесі атқарып отыр.