ШЫМКЕНТ: 5 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсырады

0
1 584

Оқушылар М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚМПИ, Халықаралық Silk Way университеті, Шымкент Университеті және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттерінің базасында тест тапсырады..


ШЫМКЕНТ: 5 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсырады

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында бітіруші 8 080 оқушының 5 463-ші Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш білдірген - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҰБТ қаладағы бес Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу орталықтарында өткізіледі. Олар: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚМПИ, Халықаралық Silk Way университеті, Шымкент Университеті және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттерінің базасы.

ҚР Білім және ғылым министрінің «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы» №687 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласы мектептерінің 11-сынып оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуді 2019 жылы қаңтар, наурыз айларында ақылы негізде тапсырды.
Қаңтар айында өткен ҰБТ-ға барлық 8 080 бітірушінің 1318–і өтініш білдіріп, ақылы негізде тест тапсырып шықты. Нәтижесінде қала бойынша орта балл – 64,3 құрады. Ал наурыз айында өткізілген ҰБТ-ға тапсыруға өтініш білдірген 4472 оқушы тапсырып шықты. Нәтижесінде қала бойынша орта балл – 74,46 құрады.