ШЫМКЕНТ: 6 күнде 6 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

0
2 862

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару бойынша 15​ құқықбұзушылық анықталған.


ШЫМКЕНТ: 6 күнде 6 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкент қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының 6 күнінде 6226 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала аумағындағы көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 12-18 наурыз аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Жедел алдын алу іс-шарасының 6 күнінде 6226 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтатын болсақ, ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК 434-бабы) бойынша - 665, Тыныштықты бұзу (ҚР ӘҚБтК 437-бабы) бойынша 318, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) 15 құқықбұзушылық анықталған. Сонымен қоса, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) бойынша 672, ҚР аумағында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) - 1920, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы (ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы) бойынша 931 жайт және өзге де құқықбұзушылықтар тіркелген.
Сондай-ақ, іс-шара барысында тыйым салынған заттарды сақтау және алып жүрудің 25 фактісі анықталды. Оның ішінде: атыс қаруын алып жүру-1 жайт, суық қаруды алып жүру-6, есірткі құралдарын сақтау-18 жайт анықталған.