​ШЫМКЕНТ: №65 мектептің қосымша құрылысы 2023 жылы аяқталады

0
626

Шымкент қаласында үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі 2023 жылы толығымен шешіледі.


​ШЫМКЕНТ: №65 мектептің қосымша құрылысы 2023 жылы аяқталады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы №65 мектептің 600 орындық ғимаратының құрылыс жұмыстары 2023 жылдың ІІ жартыжылдығында аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы Еңбекші ауданында ауданда 43 мектеп орналасқан, оның ішінде 37-і мемлекеттік 6-ы жекеменшік мектептер.
№38 мектепке қосымша 375 орындық, №46 мектепке 300 орындық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінде пайдалануға беріледі.
«Ұлағат» шағынауданынан 1200 орындық мектеп салу үшін 2,5 га болатын жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылып, мемлекеттік акт алынды. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындау мақсатында құрылыс басқармасы тарапынан бюджеттік өтінім берілді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі 2023 жылы, ал орын тапшылығы 2025 жылға дейін толығымен шешіледі. Шымкент қаласында сапалы білім беру үшін жағдай жасау мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 86 079 орындық 101 мектеп салынады.
Қалалық білім басқармасының дерегінше, 2021 жылы 11 064 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға тапсырылған. Оның ішінде 4 мектеп мемлекеттік, 21 мектеп жекеменшік. Нәтижесінде, жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді.
Мектептердің жөндеу жұмысына тоқталсақ, бүгінгі таңда қалада жалпы 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 10 нысанның құрылысы 2021 жылдан өтпелі, ал 24 нысанның құрылысы жаңадан басталған. Жыл соңына дейін 12 990 орынға арналған 4 мемлекеттік 13 жекеменшік мектепті пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.
Сонымен қоса, 2021 жылы 28 мектептің ауласына типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылды. 2022 жылы 6 мектепке спорт алаңша орнатуға 249,1 миллион теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда орнату жұмыстары жүргізілуде.