ШЫМКЕНТ: 7 тұрғын үйде спорт алаңы мен балалар ойын алаңшалары ашылды

0
614

Ауданда бүгінде 106 ашық спорт алаңы бар.


ШЫМКЕНТ: 7 тұрғын үйде спорт алаңы мен балалар ойын алаңшалары ашылды

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты Қабанбай батыр көшесі №13 тұрғын үй, Пазылбеков көшесі №5, 7 үй, Айбергенов көшесі №1, 5, 5а мекен жайларына балалар ойын алаңшалары тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

Су жаңа ойын алаңындағы балалар ойынын қыздыратын әткеншектер мен сырғанақтар бүлдіршіндерді шаттыққа кенелтіп, көпшіліктің де көңілін серпілтті.

Қазіргі уақытта жоспарланған 39 ауланың 24 ауласында балалар ойын алаңын орнату жұмыстары аяқталып, 15 аулада құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда.
Сонымен қатар ауданда бүгінде 106 ашық спорт алаңы бар. 2023 жылы 2 ашық спорт алаңын салу жоспарланып, іске асырылды. Береке шағын ауданында және Жангелдин көшесі №14 үй ауласында бүгін ашық спорт алаңы да ойын алаңшаларымен бірге қолданысқа берілгенін айта кетейік.
Жалпы соңғы 3 жыл ішінде аудан аумағында 42 спорт алаңының құрылысы бой көтеріп, Әл-Фараби ауданы тұрғындарының қуанышына айналды.
Алдағы уақытта жаңа ойын алаңшалары мен спорт алаңын күтіп ұстау – тұрғындардың қолында.