Шымкент 8 мемлекеттің 10 қаласымен бауырлас қала ынтымақтастығына ие

0
637

Сонымен қатар, ҚХР-ның Сиань, Грузияның Кутаиси және Италияның Генуя қалаларымен бауырластық қатынас орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде.


Шымкент 8 мемлекеттің 10 қаласымен бауырлас қала ынтымақтастығына ие
Шымкент қаласы 8 мемлекеттің 10 қаласымен бауырлас қала ынтымақтастығына ие, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2023 жылдың басынан бері Сыртқы байланыстар бөлімімен қала әкімі және қала әкімінің орынбасары деңгейінде шетел өкілдерімен әкімдік ғимаратында 16 кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қалада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізілді және елшілердің сыпайылық кездесулері ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ҚХР-ның Сиань, Грузияның Кутаиси және Италияның Генуя қалаларымен бауырластық қатынас орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Ал, қазіргі уақытта Шымкент қаласы 8 мемлекеттің 10 қаласымен бауырлас қала ынтымақтастығына ие. Атап айтқанда, Худжанд, Могилев, Байинь, Стивенэйдж, Измир, Паттайя, Ахарнон, Гросетто, Эскишехир, Адана.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Шымкент қаласымен бауырлас қалалардың басын қосу арқылы, бауырлас қалаларда қала экономикасын дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мәдени құндылықтарды арттыру бағытында тәжірибе алмасу, бауырластық қарым қатынасты одан ары нығайту үшін дипломатиялық корпусқа арналған форум ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласына келуші туристердің саны жыл санап артып келеді. Атап айтатын болсақ, 2022 жылдың 12 айында қалаға келушілер саны 448 797 адамды құрап отыр.

Ішкі туризм бойынша келушілер саны 412 268 адам, өткен жылмен салыстырғанда 136,2%-ға артып отыр. Ал, кіру туризмі бойынша келушілер саны 36 529 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайған.

Бүгінгі күні Шымкент қаласында 142 орналастыру орны, 9 саябақ, 7 мұражай, 25 әлеуметтік-мәдени нысан, 5 театр, 12 сакралды нысан, 11 сауда, ойын-сауық орталығы,5 діни нысан, 18 аквапарк және 4 табиғи су көзі орналасқан. Аталған нысандардың барлығы дерлік қалаға келетін туристерге қызмет көрсетеді.