ШЫМКЕНТ: 800-ге жуық оқушы жазғы лагерьге жолдама алды

0
1 356

Биыл 8 мыңға жуық оқушы қала сыртындағы лагерьлерде демалады.


ШЫМКЕНТ: 800-ге жуық оқушы жазғы лагерьге жолдама алды

Шымкент қаласында 800-ге жуық оқушы қала сыртындағы сауықтыру орындарында 10 күн бойы демалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, «Ақсу» сауықтыру орталығына – 150, «Арман» демалыс орнына – 200, «Ерке» орталығына – 188, «Үшбұлақ» демалыс орнына - 200 оқушы демалысқа кетті.
Жалпы биыл 8 мыңға жуық оқушы қала сыртындағы лагерьлерде демалатын болады. Ең алдымен атаулы әлеуметтік көмек алатын, тұрмысы төмен отбасы балалары жіберіледі. Одан бөлек 22 мыңнан аса оқушының жазғы демалысы ата-аналар есебінен ұйымдастырылады.
Айта кетейік, жазғы демалыспен қамтылуы тиіс ата-аналардан өтініштер биыл E.gov порталы арқылы онлайн түрде қабылданды.