ШЫМКЕНТ: Абай ауданында бей-берекет қоқыс алаңдары жойылды

0
569

Абай ауданы аумағында бей-берекет қоқыс үйінділерінің 20 кординаттық нүктелері анықталған болатын.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында бей-берекет қоқыс алаңдары жойылды

Шымкент қаласы Абай ауданында бей-берекет қоқыс алаңдары жойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ жүзеге асыратын ғарыш мониторингінің қорытындысына сәйкес, Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында бей-берекет қоқыс үйінділерінің 20 кординаттық нүктелері анықталған болатын.

Аталған қоқыс үйінділері ауданда шалғай орналасқан елдімекен аумақтарында жиі кездесуде. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 15-29 шілде аралығында бей-берекет қоқыс алаңдарын жою бойынша іс-шара ұйымдастырылды. Оған 8 арнайы техника, 15 ауыр жүк көліктері мен 40-қа жуық жұмыс күші жұмылдырылып, 350 тонна қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
Белігенбеген орындарға қоқыс тастау Қазақстан Республикасының Әкімшілк құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауапкершіліктерге тартылады.