ШЫМКЕНТ: Абай ауданында биыл 30-ға жуық спорт алаңшасы салынады

0
395

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында салынады.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында биыл 30-ға жуық спорт алаңшасы салынады

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов тікелей эфирде 2021 жылы аулаларды абаттандыру бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндап, тұрғындар сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2021 жылы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 21 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттанған. 12 спорт алаңшасы ағымдағы жөндеуден өтіп, 35 спорт алаңшасы салынды.
Сонымен қатар, өткен жылы «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілер есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылған.
Аудан әкімінің сөзінше, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 балалар ойын алаңшасы мен 10 спорт алаңшасы салынады.
Эфир барысында тұрғындар тарапынан 100-ден аса сұрақ келіп түсті. Сауалдардың дені абаттандыру, коммуналдық және инфрақұрылым бағытында болды.
Б.Парманов барлық сұраққа егжей-тегжейлі жауап беріп, аудан аумағын абаттандыру, инфрақұрылыммен қамту жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын түсіндірді.