ШЫМКЕНТ: Абай ауданындағы 20-дан астам елді мекен табиғи газбен қамтылған

0
395

Ал, қалған 6 елді мекен қатты отынды пайдалануда.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданындағы 20-дан астам елді мекен табиғи газбен қамтылған

Шымкент қаласы Абай ауданындағы 27 елді мекеннің 21 елді мекені табиғи газбен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов брифинг барысында мәлімдеді.

Ал, қалған 6 елді мекен қатты отынды пайдалануда.

2023 жылы Ынтымақ, Қайнарбұлақ саяжайы, Қайнарбұлақ, Асар-2 елді мекендеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылы 2 елді мекен табиғи газбен қамтылатын болады.

Айта кетейік, Аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 26-ы сапалы ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар, аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 25 елді мекені мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр.