ШЫМКЕНТ: Абай ауданындағы бірқатар көшелерге асфальт төселіп жатыр

0
328

Жұмысты мердігер мекеме «Мери Компани» ЖШС жүргізуде.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданындағы бірқатар көшелерге асфальт төселіп жатыр

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес Абай ауданына қарасты Карл Маркс бөлімшесінің Құрылыс көшесінде асфальт қабаты төселуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауданға қарасты атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары сметалық құжаттамаға сәйкес Айшықты-2, Бақшалы және Құрылыс көшелерінің жалпы ұзындығы 1,62 шақырымды құрайды.
Жұмысты мердігер мекеме «Мери Компани» ЖШС жүргізуде. Ал«Capital Stroi Company» техникалық қадағалаушы
Жалпы тас жолдарды асфальттау жұмыстары Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес кезең-кезең бойынша атқарылатын болады.