"Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі балалар демалыс лагерьлерінің жұмысымен танысты

0
1 742

"Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі "Ақсу", «Арман» лагерлеріне барды.


Шымкентте 7241 көп балалы, жетім, аз қамтылған отбасы балалары 10 күндік демалыстарын лагерде өткізетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Жобалық кеңсенің сараптамалық тобының, Білім басқармасы мен Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы өкілдері қалалық білім басқармасына қарасты "Ақсу", «Арман» лагерлерінде зерделеумен қатар демалушы балалардың жағдайымен танысып қайтты.

Жалпы білім қорынан бөлінген қаражатқа мониторинг жүргізіліп, оның аясында 7241 көп балалы, жетім, аз қамтылған отбасы балалары демалуда. Демалушы оқушылар үшін лагердегі демалыс уақыты 10 күнді қамтиды.

Сонымен қатар, лагердегі оқушылар арасында адалдық, парасаттылық, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіріліп, ойындар ойнатылды.

Лагерь ұжымының жұмысымен танысқан «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері ұжымға тексерушілерге немесе іссапармен келген тұлғалардың іс-сапар шығыстарын өтеу, оларға арнап дастархан жаю немесе көңіл көтеру шараларын ұйымдастыруға тыйым салынатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы парақшалар таратты.

Аталған мекеме қызметкерлері лагерлердің бүгінгі күйімен танысып, демалушы оқушылармен тілдесті.Сондай-ақ, лагерь асханалары мен демалу бөлмелерін, тамақтану үрдістерін көріп шықты.