ШЫМКЕНТ: Айна базарында оқу-жаттығу өткізілді

0
447

Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 25 адам, офицерлік құрамнан 35 және 5 негізгі, 1 мақсатты өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.


ШЫМКЕНТ: Айна базарында оқу-жаттығу өткізілді

Шымкенттегі «Айна» базарда өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары өртті сөндіру және адамдарды құтқару тәсілдерін пысықтайтын оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты - Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөліністері жеке құрамының киімдер мен халық тұтынатын тауарларды сататынсауда орталықтарындағы өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау, аталған нысандарда өртті сөндіру бойынша басшы құрамның дағдыларын жетілдіру, Шымкент қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесімен нысан қызметкерлерінің, сондай-ақ қаланың өмір қауіпсіздігін қалыптастыру қызметтерімен бірлесіп әрекет ету, жұмыс атқару қызметін ұйымдастыру.

Тілсіз жау көбінде электр сымдарының қысқа тұйықталу салдарынан орын алады. Оқу-жаттығу тактикасы осы негізде басталды.

«Қызметтік күштер мен құралдары №2 шақыру бойынша оқиға орнына жөнелтілді. Осы жерде жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Ауа температурасы көтеріліп, қою түтін пайда болды, адамдардың өміріне қауіп тудырды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің тез және кәсіби әрекет етуінің нәтижесінде өрт ошағы тез табылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккен 2 адам құтқарылып, апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 25 адам, офицерлік құрамнан 35 және 5 негізгі, 1 мақсатты өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндіруші және құтқарушылардың бірігіп атқарған нақты іс-қимылдарының нәтижесінде өрт ошағы тез арада оқшауланып, жарты сағатқа жетпей толық сөндірілді.

Айта кетейік, 2018-2022 жылдар аралығында, яғни5 жылда қала аумағында жалпы 6 базарда өрт орыналды. 2021 жылы «Орталық Қырғы» базарында, «Шымкент-Тұлпар» ЖШС қарастыавтобөлшектербазарында, «Сайдыгани» ЖШС қарастыбазарда,«Альянс» ЖШС қарасты базардаөрт болған. Ал, 2019 жылы «Алтын орда» базарында 2018 жылы «Алаш» базарында өрт орын алған.