ШЫМКЕНТ: Әкім кезекті жеке қабылдауын өткізді

0
1 310

Ерлан Айтаханов тұрғындардың мәселесімен 7 сағат бойы танысып шықты.


ШЫМКЕНТ: Әкім кезекті жеке қабылдауын өткізді

Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов азаматтарды жеке мәселелерімен кезекті рет қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған кездесуге келген 25 қала тұрғыны әкімге үй, жер және әлеуметтік қолдау мәселелері мен шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету бойынша өз өтініштерін жеткізген. Ал, қала басшысы жеті сағатқа созылған қабылдауда әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді заң аясында шешу жолдарын тұрғындарға түсіндіріп, әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау туралы тапсырма берген.

Айта кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауы әр аптаның жұма күні сағат 16:00-18:00 аралығында өтеді. Қабылдауға shymkent.gov.kz сайты арқылы және Н.Назарбаев даңғылында орналасқан Шымкент қалалық әкімдігінің ғимаратына келіп тіркелуге болады.