Шымкент әкімі кәсіпкерлерді қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыруға шақырды

0
729

Шымкенттік кәсіпкерлер проблемаларды шешу жолдарын талқылап, қала басшылығына ұсыныстарын жеткізді.


Шымкент әкімі кәсіпкерлерді қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыруға шақырды

Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов жергілікті кәсіпкерлердің мәселесін тыңдау мақсатында алқалы жиын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиынға Шымкент қаласындағы шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпкерлер мен кәсіпкерлерге қолдау көрсететін ұйым басшылары қатысып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының орындалу барысын, жаңа жобалар мен оларды жүзеге асырудағы кедергілер туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, проблемаларды шешу жолдарын талқылап, қала басшылығына ұсыныстарын жеткізді.

Ал, Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов қала экономикасы үшін кәсіпкерліктің маңызы, Шымкенттегі шағын және орта бизнесті дамытудың әлеуеті зор екенін айтып, іскер азаматтарды қарапайым заттар экономикасы бағыты мен қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылық саласындағы жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Сондай-ақ, жиын соңында Е.Айтаxанов кәсіпкерлердің қаламыздың дамуында алар орны ерекше әрі маңызды екенін атап өтіп, ауқымды көлемде тұрақты түрде кездесіп тұратындығын жеткізді.