Шымкент әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

0
1 471

Баспасөз хатшысы жергілікті билік пен БАҚ арасын байланыстырып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру қызметін атқарады.


Шымкент әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Еркеғали Балажан Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еркеғали Абайұлының ендігі атқаратын негізгі міндеті қала әкімінің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларға ақпараттық қамтамасыз ету. Қала басшысының жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды кәсіби және сапалы фото, бейне түсіріліммен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, жергілікті билік пен БАҚ арасын байланыстырып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру.