ШЫМКЕНТ: Ақжайықта 10 балалар ойын алаңшасы салынып жатыр

0
484

Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған.


ШЫМКЕНТ: Ақжайықта 10 балалар ойын алаңшасы салынып жатыр

Шымкент қаласы Ақжайық шағынауданында 8 шақырымды құрайтын 16 көшеге жөндеу жүргізіліп, 3 көшеге кешкі шамдар орнатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Қаратау ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтылды.

Ақжайықта қазір 4 мыңға жуық тұрғын үй бар. Үйлердің басым бөлігі жеке сектор, 35-і көпқабатты үй. Бүгінде елді мекенде 3 мектеп пен 12 балабақша бар.
Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған.
Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде.
Ықшам ауданда жалпы 72 көше болса, оның 48-і асфалттанып, 24 көшеге шағал тас төселген. 2022 жылы 16 көше, 2023 жылы №1,2,3,4 және 8,9 көше, Астық, Көкшетау, Зеңгі ата көшелері жөнделеді. Ал, 2024 жылы Айнала, Әулие ата, Торғын және атауы жоқ екі көшеге жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.
Бүгінде ауданда 8 көше жарықтандырылған. Биыл Балқарағай, Асфендияров көшесі жарықтанса, 2023 жылы Байсбаев пен Қарасай, 2024 жылы Спанов пен Уали ата көшелеріне кешкі шам орнатылады.

Айта кетейік, Биыл Шымкент сити шағынауданында да 7 алаңша абаттандырылады.

Жалпы Шымкент сити шағын ауданында 9 мыңнан аса халық тұрады. Мұнда 2 мектеп, 4 спорт алаңшасы бар. Ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған.
Көшелердің барлығы асфальтталған. 3 көше жарықтандырылған. Көп қабатты үй аулалары 100 пайыз жарықтандырылған.
Осы жылы 7 алаңшаны абаттандыру жоспарға енгізілген. Бұл жөнінде аудан әкімі Р.Мүлкеманов баяндады.

Тұрғындар үшін №150, 108, 126, 9 бағыттағы автобустар қызмет көрсетеді.

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарлануда,