ШЫМКЕНТ: Ақжайықта көппәтерлі 35 үй салынып жатыр

0
270

Бұл аймақтан жоспар бойынша 35 үй салынуы тиіс.


ШЫМКЕНТ: Ақжайықта көппәтерлі 35 үй салынып жатыр

Шымкенттегі Ақжайық шағын ауданында 5 қабатты 26 көппәтерлі және 9 қабатты 9 үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл аймақтан жоспар бойынша 35 үй салынуы тиіс.

Қазіргі таңда 58,1 мың шаршы метрді құрайтын 780 пәтерлі нысанның бірінші қабаты қалануда.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ақжайыққа барып, тұрғын үй құрылысының жұмыс сапасын көрді. Жауапты мердігер мекеме басшысымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.
“Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылы аяқталып, пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға мерзімінде тапсырылуы тиіс. Осы жағын бақылауға алыңыздар”,-деді қала әкімі жауапты басқарма басшыларына.