Шымкент: Әл-Фараби алаңы мен Арбатта дезинфекция жасалды

0
1 215

Шаһардағы басқа да профилактикалық шаралар қатаңдатылған.


Шымкент: Әл-Фараби алаңы мен Арбатта дезинфекция жасалды

Шымкентте Әл-Фараби алаңы мен Арбатта дезинфекция жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар нысандарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Әл-Фараби алаңы, Орыс драма театрының маңайы және Арбат демалыс аймағында сақтық шаралары күшейтілді.

Жалпы, қалада медицина мамандары коронавирустың алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істеуде. Дәрігерлер қаладағы ХҚКО-ның 11 бөлімшесінде кезекшілікке түсіп, орталыққа келген азаматтарға медициналық көмек көрсетуде. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қызмет талабына сай жүргізілуде.

Шаһардағы басқа да профилактикалық шаралар қатаңдатылған. Бүгін Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 санитарлық бекет қойылды.

Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Мамандар әр көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексеруде.