ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары көпбалалы аналармен кездесті

0
547

Көпбалалы аналардың мұң-мұқтажы тыңдалып, жиналған әр адамның мәселесі дөңгелек үстелде жеке-жеке талқыланды.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары көпбалалы аналармен кездесті

Шымкент қаласы «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Тәжібаев Марат пен әлеуметтік сала маманы Омарова Лаура көпбалалы аналармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көпбалалы аналардың мұң-мұқтажын тыңдалып, жиналған әр адамның мәселесі дөңгелек үстелде жеке-жеке талқыланды.
Кездесуге келген әйелдердің басым көпшілігінің мәселесі – тұрғын үйге қатысты болды. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Лаура Омарова атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне де түсіндірме беріп өтті. Ауданға қарасты әлеуметтік көмек алып жүрген отбасылар түгелдей тексеруден өткені айтылды. Көрсеткен мекен-жайында табылмаған, телефонын алмаған отбасыларға көмек беруден бас тартылған.

Сонымен қатар, осы кездесуге Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасын насихаттап жүрген Павлодар облысы, Май ауданы жұмыспен қамту мекемесінің маманы Устаев Қуаныш та қатысып, баспана қиындығын көріп жүрген қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қоныс аударушыларға арнайы соғылған үйлерден пәтер берілетіні, көшіп қону шығыны үшін жан басына 204 мың теңге қаржы бөлініп, әр отбасыға 1 жыл бойы үй шығындары төленіп отыратыны айтылды, ақпараттық парақшалар таратылды.