ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық аула абаттандырылды

0
617

Аулаларда ересектер мен балаларға спортпен айналысып, демалуға мүмкіндік жасалды.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық аула абаттандырылды

Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Әл-Фараби ауданында 25 спорт алаңшасы және 27 аула абаттандырылып, кезең-кезеңімен халық игілігіне берілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін ауданға қарасты Отырар шағынауданындағы №42, 51 үйлердің және Адырбеков көшесіндегі № 4 үйдің ауласы толық абаттандырылып, пайдалануға берілді.
Аулаларда ересектер мен балаларға спортпен айналысып, демалуға мүмкіндік жасалды. Онда балалар және спорт алаңшалары, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері орнатылған.

Айта кетейік, қыркүйек айында 9 аула толығымен абаттандырылды. Қалған 18 аулада көріктендіру жұмыстары 16 желтоқсан-Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аяқталып, тұрғындар игілігіне тапсырылуда.