ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті

0
512

«Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау әр тоқсан сайын өткізіліп отырады.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалында 2021 жылдың ІV – тоқсанында азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауда аудан тұрғындары жер учаскесін заңсыз қоршау, атаулы әлеуметтік көмек және жеке мәселелері бойынша жүгінді. Аудан әкім Рашид Мамытұлы Республика даңғылында орын алған заңсыз қоршау мәселесі бойынша қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандарымен бірлесе заң аясында шешілетінін жеткізді.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау әр тоқсан сайын өткізіліп отырады.