ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
420

Жыл соңында Әл-Фараби ауданындағы жарықтандырылған көшелер 31,9% құрайтын болады.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында тұрғындарды ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 пайызды құрады
Аудан аумағында 404 көшенің 103-і толық жарықпен қамтылса, 301 көше жарықтандыруды қажет етеді. Сондай-ақ, 400 ауланың 393-і жарықтандырылса, 7 аула жарықтандыруды қажет етеді.
Биылғы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына сәйкес ауданда Жабай ата көшесі, Жұлдыз көшесі, Тәжібай ата көшесі, Баянауыл көшесі, Көктөбе көшесі, Дәулетұлы көшесі, Ақжайық шағынауданындағы Ақжелең көшесі, Жабаев көшесі жарықтандырылды.
Нәтижесінде жыл соңында Әл-Фараби ауданындағы жарықтандырылған көшелер 31,9% құрайтын болады.