ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы 7 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді

0
483

Жалпы аудан аумағына қарасты 404 көшенің ұзындығы 282 шақырым.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы 7 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді

Шымкентте Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әл-Фараби ауданында 7 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы аудан аумағына қарасты 404 көшенің ұзындығы 282 шақырым. Оның ішінде асфальт төселген жол 224 шақырымды құраса, қалған 58 шақырымы тас жол.
Сондай-ақ, осы жылы аудан аумағындағы шалғай елді мекендегі 13 көшеге 5,2 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Сәуле шағын ауданына 195 орамдағы 8 көшеге 3,4 шақырым, Ақтас-2 елді мекеніндегі 5 көшеге 1,8 шақырым тас төселді.