ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға берілген үйдің шатыры жаңартылды

0
458

Бұл үшін бюджеттен арнайы қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілген.


ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға берілген үйдің шатыры жаңартылды

Шымкент қаласының Нұрсат шағын ауданы №135Б көпқабатты тұрғын үйдің шатырына қайтарымсыз негізде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен жаңартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл үшін бюджеттен арнайы қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілген.
Анықталған мердігер мекеме тұрғындардың қыс мезгіліндегі жайлылығы мен қауіпсіздігінің алдын алу үшін жөндеу жұмыстарын 23 қараша күні жедел бастап кетті. Ауа райының қолайсыздығы қолбайлау бола қойған жоқ. Шатырдан аздап су аққанымен мердігер мекеме жұмысты жылдам әрі сапалы етіп атқарды.
Сонымен қатар, тұрғындарды қайта электр қуатымен және жылумен қамту мәселесі де жөндеу жұмыстары барысында шұғыл түрде қалпына келтірілді. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйдің шатырындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, тиісті шаралар жүзеге асырылды.
Тозығы жеткен жұмсақ жамылғының орнына кәдімгі шатыр жауылып, жиек құрылғылары жаңартылды. Қалған ұсақ-түйек жұмыстар жалғасуда. Іс осы апта соңына дейін 100% аяқталады.
Көпқабатты тұрғын үйдің иелері енді ауа райынан еш қаймықпастан жайлы да, жарқын өмір сүретіндігіне ризашылықтарын білдірді.
Айта кету керек, Нұрсат шағын ауданында орналасқан №135Б көпқабатты тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалдау шарты негізінде “Жұмыспен қамту - 2020” бағдарламасы арқылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көпбалалы отбасыларға 2013 жылы пайдалануға берілген.