Шымкент: Әлеуметтік нысандарға қатысты жұмыс тобы құрылды

0
615

Әлеуметтік нысандардың орталық көшелерде орналасуы тұрғындарға ыңғайлы


Шымкент: Әлеуметтік нысандарға қатысты жұмыс тобы құрылды

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов аудан әкімдері мен өзі жетекшілік ететін басқарма басшыларымен кездесіп, қаладағы инженерлік желілерді күшейтуге тапсырма берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында қаладағы тұрғын алабтар мен шағын аудандардағы әлеуметтік нысандарды талапқа сай етіп салынуы жөнінде кеңінен талқыланды.
- Әлеуметтік нысандарды орталық көшелерден салу керек. Көбіне кәсіпкерлер мектеп салуға жер сұрайды. Мұндай жағдайда аудан әкімдіктері міндетті түрде инфрақұрылымға жауапты сала басшыларымен келісіп, әлеуметтік нысан құрылысына жер бөлгенде магистралды көшелерден беру керек, - деді Мәулен Зарлықұлұлы.
Әкім орынбасарының сөзінше әлеуметтік нысандардың орталық көшелерде орналасуы тұрғындарға ыңғайлы. Осы орайда халықтың қауіпсіздігі үшін сапа мен талапты күшейту керек.
Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу мәселесін шешу мақсатында сала мамандарымен жұмыс комиссиясын құруды және тұрғындарды газбен қамту шарасын күшейтуді тапсырды.