Шымкент: Әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті

0
2 500

Әлеуметтік сала мамандарының еңбекақысы бұдан әрі де өсі бермек.


Шымкент: Әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті.

Әлеуметтік сала мамандарының еңбекақысы бұдан әрі де өсі бермек. Мәселен, 2022 жылы - 25%-ға, 2023 жылы тағы 25%-ға артады. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен алдағы 3 жылға 95 млрд теңге бөлінді.


ҚР Үкіметінің биылғы 12 қаңтарда өткен отырысында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы қабылданды.Оған сәйкес:
- стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (МӘМ);
- үйде қызмет көрсету ұйымдарында;
- уақытша болу ұйымдарында;
- жұмыспен қамту орталықтарында қызмет ететін басшылық құрам мен негізгі персоналдың (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) жалақысын үш жыл ішінде арттыру көзделген.


- Қаулыда сондай-ақ қолданыстағы қосымша ақының мөлшерін базалық лауазымдық жалақының 30%-ынан лауазымдық жалақының 40%-ына өзгерту жолымен стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін әкімшілік және қосалқы персонал үшін жалақыны арттыру көзделген, - делінген министрлік ақпаратында.